lyricsonline.ru

    Текст песни Рымбаева Роза - Кус жолы


    Рымбаева Роза - Кус жолы
    Исполнитель Рымбаева Роза
    Дата 19 июнь
    Категория: Тексты песен
    Просмотров: 7065
    Рейтинг

    Слова песни Рымбаева Роза - Кус жолы

    Құс жолы Печать E-mail
    с. Ұ. Есдәулетовтікі
    ә. Т. Мұхамеджановтікі

    Аспан, аспан шайдай ашық,
    Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.
    Құс жолы, ғарыш көкке туған жерден
    Телмірем жандай ғашық.
    Қолға келіп қонса жұлдыз,
    Жанға серік болса жұлдыз.
    Ғарышқа қанат қақты туған жерден
    Самғап қанша ұл-қыз.

    Құс жолы шақырады арман құсап,
    Жұлдыздар жайып алдан құшақ.
    Жаса мәңгі, жырға толы өлкем,
    Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем!
    Сен, Отан, жастық әннен қуат алған,
    Бақыт құсы бүгін ұя салған.

    Келді жайнап бала көктем,
    Күткен еді дала көптен.
    Шалғынды тербей есті ерке самал,
    Жібектей жаңа леппен.
    Ауыл, саған талмай ұштық,
    Бұлақ суын қанбай іштік.
    Қарлығаш ұя салған туған үйлер,
    Бізге қандай ыстық.

    Құс жолы шақырады арман құсап,
    Жұлдыздар жайып алдан құшақ.
    Жаса мәңгі, жырға толы өлкем,
    Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем!
    Сен, Отан, жастық әннен қуат алған,
    Бақыт құсы бүгін ұя салған.
    Нашли ошибку в тексте? Сообщите администратору, выделите неправильный текст и нажмите "Ctrl+Enter".
    Видео
    Похожие песни
  • 19 июнь Рымбаева Роза - Алия
  • 14 июнь Нуртас Кайрат - Алга Казакстан
  • 07 июнь Калиев Давлет - Кен делам
  • 05 июнь Жигиттер - Бакытты бол
  • 05 июнь Жигиттер - Ан ага немесе Шамшимен сырласу

  • Стоит посмотреть

Прокрутить вверх